Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
64 материал табылды

Мәдениет • 19 Қараша, 2023

«Мың бала» жобасының қорытындысы

Елордада «Мың бала» үздіктері марапатталды. Өзге этнос өкілдері жеткін­шек­­терінің арасында ұйымдастырылған республикалық мәдени-ағарту жобасында өңірлерден 35 жеңімпаз анықталды. Ізгі бастамаға Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйытқы болған.

Жастар • 14 Қараша, 2023

Игі бастама ізгілікке жетелейді

Елордалық жастардың басын қосатын зияткерлік орта көбейіп келеді. Соның бірі – ана тілінің қолданыс аясын кеңейтуді көздеген «Unknown Kazak talks» жобасы. Алаңда елге танымал белсенділер өзекті мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтады. Игі бастама айына бір рет тұрақты ұйымдастырылады.

Қоғам • 14 Қараша, 2023

Тұрғын үй бағдарламасы: 5 мың теңгелік пәтер кімге бұйырады?

Осымен төрт жыл қатарынан еліміздің үш мегаполисінде «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жүзеге асыры­лып келеді. Ол үшін жыл сайын Астана, Алматы, Шымкент тұрғындарына орта есеппен 1 мың жаңа пәтер­ден бөлінеді.

Сұхбат • 08 Қараша, 2023

Алып елден үйренеріміз көп

Қазір АҚШ қол жетпейтін арман емес. Тек ерік-жігер, күш-қайрат серік болса, көздеген мақсатың мен жүйелі жоспарың әп сәтте еңселі елдің бір бөлшегіне айналдырады. Бұл сөзімізге бірнеше жыл қатарынан жүргізген табанды әрекетінің арқасында Америкада табысты кәсіпкерге айналған қазақ баласы Ақжол Жұмағұловтың жетістігі дәлел. Осы іскер азаматпен сәтті күндердің бірі жүздесіп, арнайы сұхбат құрдық.

Құқық • 08 Қараша, 2023

Сақтықта қорлық жоқ

Бүгінде әлеуметтік желілерде жеткіншектердің заңсыз ойындары қаптап кетті. Әсіресе «Көк кит», «Тыныш үй», «Жүгіріп өт немесе өл» атауымен танымал ойындар жасөспірімдердің санасын улап қана қоймай, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеп жатыр. Бұл ойындарға көбіне 7-10 сынып оқушыларының әуестеніп бара жатқаны да алаңдатады. Цифрлы қоғамда бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?

Қоғам • 08 Қараша, 2023

Абайлаңыз, фейк ақпарат!

«Stopfake.kz» порталы кейінгі үш жылда отандық кеңістіктен 3 мыңнан астам ақпараттың жалған екенін анықтаған. Биылдың өзінде 760 басылымның дерегі тексерілген. Талдау барысында фейк жаңалықтың көбіне вакцинация, коронавирустық пандемия, қастандық жасау, 5G байланыс форматы және интернет-технологиялар тақырыбында тарайтыны белгілі болып отыр.

Еңбек • 02 Қараша, 2023

Жұмыссыздықты қалай азайтамыз?

Үкіметтің алдында жыл соңына дейін 1 миллионға жуық адамды еңбекпен қамту міндеті тұр. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 734 мың азамат жұмыспен қамтылған. Олардың басым бөлігі – жастар. Осы орайда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 35-ке дейінгі отандастарымыздың нарықтағы қажеттілігіне, мүмкіндігіне зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесінде, респонденттердің тек 28,8 пайызының мамандығы бойын­ша қызмет істеп жүргені анықталып отыр.

Жастар • 30 Қазан, 2023

Жастар неге үйленуге асықпайды?

Елімізде отбасын құруға ниетті жастар қатары азайған. Қазірдің өзінде үйлену жасына жеткен бойжеткендердің 30, жігіттердің 40 пайызы бойдақ. Ресми деректі бағдарласақ, 2012 жылдан бері тіркелген неке саны 164 мыңнан 128,5 мыңға дейін төмендепті. Бұған не себеп? Ғасырлар бойы дәріптеліп келген отбасы құндылығы қазір қалай өзгерді?

Отбасы • 23 Қазан, 2023

Демографиялық саясат – мемлекет дамуының негізі

Елімізде Отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының консорциумы құрылды. Жаңа бірлестік тиянақты көзқарасты күшейтіп, саланың одан әрі дамуына ықпал етеді. Бұл туралы «Отбасы – Қазақстанның тұрақты демографиялық дамуының негізі» атты халықаралық конференция барысында айтылды.

Балалар • 17 Қазан, 2023

Баланы зорлық-зомбылықтан қалай қорғаймыз?

Бас прокуратураның ақпаратына сүйенсек, елімізде 2017 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық сипатындағы 4 729 қылмыс жасалған. Бұл – жылына орта есеппен мұндай 788 факті тіркеледі деген сөз. Ал биылғы алты айдың өзінде 250-ден астам іс қозғалған.