Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
116 материал табылды

Алматы • 02 Ақпан, 2024

Адамның өмірлік процестерінің цифрлық трансформациясының куәсі болып отырмыз

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының екінші күні Премьер-министр Әлихан Смайыловтың құттықтау лебізімен ашылды, деп жазады Egemen.kz. 

Қазақстан • 02 Ақпан, 2024

Sergek Индонезияда пилоттық жобаны бастады

Индонезияда Нусантара қаласының әкімшілігі мен «ақылды» қалаларды құрастыру саласындағы отандық IT көшбасшы Sergek Group компаниясы бірігіп жасаған пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы компания өкілдері Digital Almaty халықаралық цифрлық форумында мәлімдеді. Қазақстан мамандары көлік қозғалысын талдау және болжау бойынша интеллектуалды көлік жүйесін, сондай-ақ экология және жол қауіпсіздігі саласындағы шешімдерді экспорттайтын болады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан • 02 Ақпан, 2024

Қазақстан мен Қырғызстан су-энергетика саласындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелерін талқылады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қырғызстан Министрлер Кабинетінің Төрағасы - Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөз жүргізді. Кездесу Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы қарсаңында өтті, деп жазады Egemen.kz.

Форум • 02 Ақпан, 2024

eGov пен жасанды интеллект ынтымақтастығы

Алматыда Digital Almaty-2024 форумы басталды. Осымен төртінші мәрте ұйымдастырылған іс-шараның биылғы тақырыбы – «Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы». Жасанды интеллект, блокчейн, заттардың интернеті, үлкен деректер сияқты озық технологиялардың қарқынды дамуы мен енгізілуі өндіріс ландшафтын түбегейлі өзгертіп, жаңа мүмкіндіктің есігін ашты.

Экономика • 30 Қаңтар, 2024

Берешегіміз һәм келешегіміз немесе сыртқы қарыз синдромына салқынқандылық керек

Халықты толғандыратын басты мәселенің бірі – мемлекеттің сыртқы қарызы. Бұған қоғам бейжай қарамайды. Таяуда осы мәселеге қатысты тың деректер шықты. Қазақстанның сыртқы қарызы бір жыл ішінде 1,3 млрд долларға өсіп, 162 млрд-ға жақындап қалды.

Несие • 23 Қаңтар, 2024

Несие пайызы неге төмендемейді?

Парламенттің жылдық пайыздық мөлшерлемені 56-дан 44%-ға дейін төмендету туралы ұсынысын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНДРА) қолдап отыр. Парламент пайыздық мөлшерлемені 44 пайызға түсіруді сұраса, ҚНДРА 42 пайыз деп отыр. Егер бұл ұсыныс зерттеліп, зерделеніп, айналымға енсе, несие пайызы да қазіргі 20-25 пайыздан әжептәуір төмендейді. Оның қанша пайызға тоқтайтынын ешкім болжап айта алмайды.

Сараптама • 23 Қаңтар, 2024

Тұрғын үй нарығындағы тұрақсыздық

Тұрғын үй нарығына әсер ететін факторлар біршама. Көңілге қонымдысы – долларға байланған импортқа және инфляцияға тәуелділік. Өз өнімдерін айналымға шығарған құрылыс компаниялары алдымен осы жайтты ескереді. Ұтылып қалмауды, құрылысқа әрбір жұмсаған тиыннан пайда табуды ойлайды. Осылайша Алматы мен Астана қаласындағы көлемі 40 шаршы метр, нарықтық құны 20 млн теңге тұратын пәтердің 15 жыл ішіндегі құны кемі 60 млн теңгеге жуықтайды. Құрылыс компаниялары бірінші кезекте басымдық беретін формула – осы.

Сұхбат • 19 Қаңтар, 2024

Алмас Ахметбек: Көк ту – азаттық рухы

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жырын жүрегіне құндақтап, алып ұшып елге жеткен ақын Алмас Ахметбек қазақ руханиятының көгінде «Көк тудың желбірегені» әні арқылы патриоттық төңкеріс жасады. Қазақтың ішкі табиғатымен үндесіп, алпыс екі тамырын бұлқындырып жіберген саф дүниені ел жылы қабылдады, жүректерден орын алды. Кейіпкерімізбен арадағы әңгімеде Көк туымызбен алғаш кездескен кездегі көңіл күйінен бастап бүгінге дейінгі өзгерістерді еске алдық.

Экономика • 19 Қаңтар, 2024

Көрші ықпалындағы көлік нарығы

Біздің автонарығымыз да, авто­әуес­қойларымыз да Қытай авто­көлік­теріне бірден ықылас таныта қой­мады, тіпті географиялық жа­қын­­дығымыз да сұранысты арт­тыруға әсер ете алмады. 2020-2021 жыл­дары ішкі нарықта көлік тап­шы­лығы байқалды. LADA, Renault, Nissan сияқты бағасы қол­жетімді көлік түрлері азайып кетті. Санкцияның салқыны тиген ­Ресейдегі зауыттар оларды шы­ғаруды ішінара тоқтатты. Бұрын Ресейде құрастырылып келген Батыс көліктерін жеткізетін логистикалық тізбектер бұзылды.

Сараптама • 28 Желтоқсан, 2023

Мұнай бағыты басымдығын әртараптандыру

2023 жыл мұнай дәуірінің екінші кезеңінің беталысын тасымалдау­ды әртараптан­дыру­дың нәти­жесі анықтайтынын бай­қатты. Демек мұнай дипло­ма­тиясындағы ойын ережесі соның нәтижесіне қарап анық­та­лады. Қысқасы, бұл жыл бізге «Ресей арқылы мұнай тасы­­­мал­дасаң, балама бағыт ойың­­да болсын» деген қағиданы миы­­мызға мықтап шегелегендей.