Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
234 материал табылды

Экспорт • 29 Наурыз, 2024

Шетелге өнім экспорттайтын кәсіпорын

2003 жылы құрылған инновациялық технологияға негізделген «KARLSKRONA LC AB» кәсіпорны сорғы агрегаттарын жасау­мен айналысады. Барлық керекті бөлшек негізінен осында жасалатындықтан, зауыт толық циклді кәсіпорын санатына жатады.

Қоғам • 28 Наурыз, 2024

Өзбекәлі Жәнібеков мұрасы

Этнограф ғалым, мемлекет және қоғам қай­рат­кері, қазақтың ұлттық қолөнері мен мә­де­ниетінің шырақшысы болған ұлт сардары Өзбекәлі Жәні­беков есімін иеленген Оңтүстік Қазақстан педа­гогика­лық уни­верситетінде қайраткердің құрме­ті­не орай ме­мо­­риалдық тақта ашылып, «Өзбекәлі Жәні­бе­ков құ­­былысы: тұлға тағылымы және педа­го­ги­ка­лық құн­­ды­лықтар» тақырыбында «Жәнібеков оқу­ла­ры-1»­ тұңғыш рет халықаралық, ғылы­ми-теория­лық­ конференция ұйымдастырылды.

Қоғам • 28 Наурыз, 2024

Мұқтаж жандарға азық-түлік үлестірді

Шымкенттің орталық мешіті Ақмешітте әлеуметтік тұрмысы төмен жандарға азын-аулақ азық-түлік таратылды. Рамазан қоржыны деп аталатын азық-түлік тізімінің ішінде ұн, пісте май, макарон, күріш басқа да өнімдер бар. Орталық мешітте әлеуметтік көмек 100 отбасыға көрсетілсе, шаһардың өзге де құлшылық орындарында дәл осындай қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. Бұл күні жалпы саны 800 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары таратылды.

Айбын • 28 Наурыз, 2024

Түркістан облысында 400-ге жуық жігіт әскерге аттанды

«Фараб» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бұл күні облыстан 50 бала Алматы қаласының десанттық-шабуылдау бригадасына аттанды, тағы 30 бала Шекара қызметіне жіберілетін көктемнің соңғы команда құрамына кірді, деп жазады Egemen.kz.

Театр • 27 Наурыз, 2024

Поэзияны асқақтатқан «Дариға жүрек»

Наурыз мерекесінің қарсаңында Шымкенттің Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында ақиық ақын Мұқағали Мақа­таев­тың екі бөлімнен тұратын «Дариға жүрек» атты поэ­тикалық сазды толғауының премьера­сы өтті. Спек­такльге мұзбалақ ақынның «Дари­ға жүрек» пен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы­ның маз­мұны арқау болды.

Шымкент • 17 Наурыз, 2024

Әскерилердің балаларға сыйы

15 Наурыз – қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікке шақыру күні. Бұл күні Шымкенттегі 10216 мен 55652 әскери бөлімдерінің қызметшілері көру қабілеті жеңіл және ауыр бұзылған балаларға арналған №33 «Ақбота» түзету балабақшасына арнайы ат басын бұрды. Ондағы мақсат – балалармен патриотизм туралы әңгіме өрбітіп, ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар тарту ету.

Қылмыс • 13 Наурыз, 2024

Интернет алаяқтарынан сақтаныңыз!

Шымкентте кейінгі жылдары интернет алаяқтық қылмыстары өршіген. Осыған байланысты онымен күрес те тиісті орган тарапынан күшейіп жатыр. Жуырда интернет алаяқтарға алданып қалмаудың алдын алу мақсатында қалалық полиция департаментінде жиын өтті. Блогерлер, журналистер, қоғам белсенділері қатысқан отырыста полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев ғаламтор арқылы алаяқтар халықты қалай алдайтынын баяндап, осы мәселені жалпақ жұртқа кеңірек жеткізу керектігін айтты.

Білім • 10 Наурыз, 2024

М.Әуезов университетінің филиалы Өзбекстанда ашылды

9 наурыз күні Шыршық қаласында (Өзбекстан) Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Б.Атамқұловтың, Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Қ.А.Шариповтың және Шыршық қаласының әкімі Д.А.Хидоятовтың қатысуымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университетінің өкілдерімен Шыршық қаласында университет филиалының ашылуы барысы туралы кездесу өтті, деп жазады Egemen.kz.

Айбын • 04 Наурыз, 2024

Тәрбиеші офицерлер марапатталды

Шымкент гарнизонында тәрбие құрылымдарының офицерлері күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. 1993 жылы Президент Жарлығымен құрылған тәрбие құрылымдары офицерлері үшін кәсіби мерекені атап өту дәстүрге айналған.

Айбын • 13 Ақпан, 2024

Шымкентте сарбаздар ардагерлермен кездесті

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуы қарсаңында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының сарбаздарымен дәстүрлі кездесу өтті. Кездесу Ауған соғысына қатысқан сарбаздар мен офицерлердің ерліктерін есте сақтап, өскелең ұрпақты патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.