
Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2022
«Айқап» журналында 1912 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Білімділерге бес сауал» атты еңбегі жарық көргені белгілі. Бүгін біз ірі тұлғаның бесінші сауалы жөнінде аз-кем тоқтала кеткенді жөн көрдік.
Сұхбат • 11 Қыркүйек, 2022
Зиябек Қабылдинов: «Ахаңды әлем танитын уақыт келді деп ойлаймын!»
Жеке адам жанынан, отбасы тұғырынан маңызды орын алу бар да, сонымен қатар тұтас ұлт руханиятының шежіресіне сара жол салу бар. Ахмет Байтұрсынұлы сондай күрделі тұлғалар сапынан. Уақыт өткен сайын Байтұрсынұлының білім мұнарасы биіктеп, елшіл мұрасы темірқазыққа айналды. Осы орайда Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Зиябек Қабылдиновпен әңгімелескен едік.
Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2022
Қадау-қадау заманалар көшінде ұлттың жанын, елдің руханиятын күзеткен зиялы, бағаналы ордалар – басылымдар болатын. Қай газет-журнал болсын ел тағдырына құраласып, іргесіне атпал азаматтарды топтастырды. Сол салқар көштің легінен табылған, тарихы шұңғыма терең, шежірелі басылымдардың бірі – «Аq jol» газетіне биыл 100 жыл толып отыр.
Өнер • 05 Қыркүйек, 2022
Естігенде еміне еліктіріп, буы тұла бойды ерітетін әсерлі, өрнекті әндер болады. Сол әннің бірі һәм бірегейі – «Япурай». Әннің шығу тарихы жөнінде пікірлер сан-саққа таралып, әртүрлі жорамалдар айтылып жүр. Белгілі музыка зерттеушілері мұнда ежелгі түркі-моңғолдық сарын бар десе, кейінгі кезде әнді Мағжан Жұмабаевқа телушілер басым.
Әдебиет • 31 Тамыз, 2022
Сабырхан Асанов есімі бізге Мұқағали Мақатаев арқылы таныс-тын. «Сабырханға» атты арнау жырында: Қызылқұмда ізіміз қалар ма екен, Іздеген жан біздерді табар ма екен? Адасармыз, адассақ, қарамай-ақ, Кел екеуміз кезейік жалаң аяқ», – деуші еді ақын. Қызылқұм – Әмудария мен Сырдарияның аралығындағы жусан, сексеуіл, құмқияқ аралас өсетін құмды алқап, сортаң шөл дала. Сабырхан Асановтың туған жері де осы маңда, осы өңірге жақын.
Әдебиет • 25 Тамыз, 2022
Бала күнгі оқыған бір ертегі ойға оралады. Бір күні Жел мен Күн кездесіп, кімнің күшті екенін дәлелдегісі келеді. Жел өзінің қуатты екенін айтып мақтанады. Күн де қалыс қалмайды. Ұзақ уақытқа созылған дау арасында жолда кетіп бара жатқан бір жолаушы назарларына ілігеді.
Руханият • 24 Тамыз, 2022
Адамның бір аты – күрескер. Шын күрескер ғана жеңіске жете алмақ. Үнемі өз-өзіңе есеп беру, өзіңді сын тезіне алу, өзіңді жауапқа тартып тергеу, мұның бәрі нағыз күрескердің ісі. Мұнсыз өмір ұйығына жұтылу оңай. Жеке ізденіс бойынша ұғынған дүние осы: ішіңдегі күресті тоқтату – өмірді тоқтатумен бірдей.
Әдебиет • 22 Тамыз, 2022
Қайбір жылы Әлихан Бөкейхановтың көп томдықтарының ішінен Оскар Уайльдтың жұлдызды бала жөнінде ертегісін оқып, қол соққамыз. Ұлт көсемінің білімі, әрлі тілі мен қоңыр аурасы бөлек сезім қалдырған. Енді, міне, Ги де Мопассаннан аударған әңгімелері де қолға түсті.
Өнер • 17 Тамыз, 2022
Бірнеше уақыт бұрын қолымызға түскен Ромен Ролланның «Бетховеннің өмірі» атты кітабы бізді қызықтырған. Бетховеннің шалт, шәлкес мінезі, паңдығы, парасаты еліктірген. Ол бейне бір басқа кеңістікте өмір кешердей, басқа дәуірде жүретіндей. Өзі жасаған өміршең әлемінде.
Әдебиет • 15 Тамыз, 2022
Аударма өлеңді оқу – жасанды гүлді иіскегенмен бірдей. Аударылған жыр түпнұсқадағы телегей сезімді толық сақтап тұра алмайды. Бірақ кейбір тәржіманы оқығанда, автордың өзімен жолыққандай адуын көңіл күйді бастан кешесіз. Әбірәш Жәмішевтің Хафиз ғазалдарын жоғары шабытпен, асқан ыждаһатпен аударғаны байқалады.