Оралхан АХМАДИЯ
Оралхан АХМАДИЯ«Egemen Qazaqstan»
326 материал табылды

Аймақтар • 11 Сәуір, 2022

Сәтбаев каналынан су босатылды

Табиғатты қорғау мақсатында Сәтбаев атындағы каналдың №112 су жіберу құрылғысынан Шідерті суармалы арнасына су босатылды. Жуырда газетімізде жарық көрген «Апатты «қолдан жасап» алмасақ игі» деген мақалада павлодарлықтардың суды молынан босату жөніндегі тілегі жазылған-ды. Қуанышқа орай, шаруалардың ұсынысы ескеріліп, биыл 120 млн текше метр су жіберілмек!

Аймақтар • 11 Сәуір, 2022

Қылмыс саны қысқарды

Былтыр Екібастұзда куәгерлердің кө­зін­ше ер адамды атып өлтірген сұм­дық оқиға көмірлі шаһар тұрғын­да­рының есінен шыға қойған жоқ. Мұн­дайды әдетте кинодан тамашалайтын екібастұздықтар қаладағы кри­ми­но­ген­дік ахуалға алаңдай бастағаны рас. Жалпы, бүгінде облыстағы жағдай қа­лай? Тәртіп сақшылары маңызды мін­детін мінсіз атқарып жүр ме?

Аймақтар • 08 Сәуір, 2022

Жоба жолда қалмаса екен...

Павлодар облысында суармалы алқап туралы әңгіме қозғалса, жергілікті билік Ертіс-Успен каналының құрылысын алға тартады. Себебі ауқымды жоба 10 мың гектар жерді суармалы алқапқа айналдыруға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, бүгінде каналдағы құрылыс жұмыстары тұралап қалған. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жобаның аяқталуына шамамен 4 млрд 600 млн теңге қаражат қажет.

Әдебиет • 07 Сәуір, 2022

Шашкин жаққан шамшырақ

Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар ірі тұлғалардың бірі – жазушы, драматург, әдебиет зерттеуші Зейін Шашкин. Ол қысқа ғұмырында әдебиетке тың серпіліс әкелді. Облыс орталығында орналасқан Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде жазушының жеке заттары сақтаулы.

Қазақстан • 07 Сәуір, 2022

Шаруаны не алаңдатады?

Еліміздегі шаруалардың мәселесі шаш етектен. Әсіресе, ұсақ шаруашылықтардың ұпайы түгел емес. Шалғайдағы мал ұстаған ағайынның мұңы шенеуніктердің құлағына жете бермеуі мүмкін. Бұл ретте «Шопан ата» мал өсірушілер ұлттық қауымдастығының өкілдері павлодарлық фермерлермен жүздесіп, проблемаларымен танысты.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2022

Майраның мектебі

Соңғы уақытта Павлодар облысында қазақтың дәстүрлі ән-күй өнерін жаң­ғыртуға көп көңіл бөлінуде. Өткенде өңірде алғаш рет қылқобыз үйірмесі өз жұ­мысын бастаса, жақында еліміздегі тұң­ғыш Майра мектебі есігін айқара ашпақ.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2022

Орман отқа оранды

Сәуірдің 5-і күні Ертіс орманы мем­лекеттік орман табиғи резерватының Бесқарағай филиалы аумағында шамамен 300 га жуық жер отқа оранды. Жабағылы ауылында біреу жиналған шөпті қасақана өртеген деген болжам бар.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2022

Жаңашылдыққа жетелеген жүздесу

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов тұрғындармен жа­ңа форматтағы кездесуін Ертіс ауданынан бастады. Екі күн бойы жергілікті халықпен жүздесіп, ұсы­ныс-тілектерін назар­ға алды. Қаузалған мәсе­лелердің шешілу барысынан хабардар ету үшін біраз уақыттан кейін тағы кездесуге уәде берді. «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының көздегені де – осы.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2022

Күнбағысты экспорттайды

Павлодар-Оңтүстік стансасынан Қытайдың Ланьчжоу қаласына 1 400 тоннадан астам күнбағыс тиелген 54 контейнерлі пойыз жолға шықты. Бұл маңызды оқиға «Кедентранссервис» АҚ Пав­лодар облысы филиа­лы тарихының жаңа пара­ғын ашты. Пойыз толы­ғы­мен аталған мекеменің вагондарынан жасақталған.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2022

Су астында қалды

Жуырда газетімізде «Шолақсор тағы су астында қалуы ықтимал» деген тақырыппен мақала жарияланған еді. Біздің мақсатымыз – әлдекімді қаралау емес, апаттың алдын алу үшін дер кезінде әрекет етуге шақыру болатын. Айтып ауыз жиғанша болған жоқ, өңірде еріген қардың салдарынан бірнеше үй су астында қалды.