24 Сәуір, 2016

Головкиннің жекпе-жегін алаңдағы телеэкраннан тамашалады (фото)

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24-04-2016 GGG 1ҚАРАҒАНДЫ. 24 сәуір. Қарағандылықтар Головкиннің америкалық Доминик Уэйдпен болған жекпе-жегін кеншілердің мәдениет сарайы алдындағы алаңда орнатылған телеэкраннан тамашалады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болған еді. Таңертеңгі мезгілге және де күн райының қолайсыздығына қарамастан, жерлес боксшыға жанкүйерлік еткен қала тұрғындары алаңға молынан жиылды.  Олар әйгілі боксшының кезекті жеңісіне балаша қуанып, әйдік құрмет көрсетті. «Бірінші раунд бірін-бірі бағып, барлаумен өтті. Бірақ раундтың аяғына таман өзіне сенімділік пайда болған Гена қатты соққы жасады. Нокдаун болды. Екінші раунд кімнің кім екенін көрсетті. Геннадий күмәнсіз жеңді. Майқұдықтан шыққан боксшы өзінің осы жеңісімен Қарағанды бокс мектебінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді», – деп өз ойымен бөлісті Головкиннің алғашқы жаттықтырушысы Виктор Дмитриев. Сондай-ақ, ол өзінің шәкірті мен барша қазақстандық жанкүйерлерді тамаша  табыспен – ортақ жеңіспен құттықтады. Қайрат Әбілдинов. Дерек: egemen.kz. Фото: В. Елизарова. 24-04-2016 GGG 4 24-04-2016 GGG 2 24-04-2016 GGG 3