24 Сәуір, 2016

Қазақстан премьер-лигасының 7 туры өтті

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
24.04.2016 AST-6 АСТАНА. 24 сәуір. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 7 турының ойындары ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 7 турдың басты ойыны Павлодарда болды. «Ертіс» өз алаңында «Астанамен» кездесті. Матч 90 минут бойы қызықты өтті. Турнир кестесінде бір-бірінің жолын кесе беретін командалар 2:2 есебімен тең тарқасты. Қазір «Астана» бірінші орында келе жатса, «Ертіс» әлі екінші орынды бермей келеді. Осы турда «Қайрат» командасы биылғы чемпионаттағы екінші жеңісіне жетті. Алматылықтар «Ақтөбе» клубын 3:0 есебімен ұтты. Бұл матчта алаң иелері құрамында чемпионат басталысымен көптің арасынан көрінбей жүрген легионерлер доп соқты. Бірінші таймда Жарко Маркович пен Андрей Аршавин көзге түссе, екінші таймда Анатолий Тимощук голдың авторы атанды. Басқа командалардың ойындары да тартысты өтті. Көкшетаудың «Оқжетпес» клубы тағы да жеңіс тойын тойлады. Олар өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын 2:0 есебімен жеңіп, турнир кестесінде үшінші орынға шықты. Бұл екі гол матчтың екінші және үшінші минуттарында соғылды. Қазір турнир кестесінде «Оқжетпес» 16 ұпаймен «Астана» мен «Ертістің» соңынан қуып келеді. «Ертіс» (Павлодар) – «Астана» (Астана) 2:2 (1:2) Голдар: Елдос Ахметов 2, Карлос Мануэль Фернандес да Кастро Фонсека 60 – Джордже Деспотович 7, Серікжан Мұжықов 31 «Қайрат» (Алматы) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 3:0 (2:0) Голдар: Жарко Маркович 44, Андрей Аршавин 44, Анатолий Тимощук 90+2 «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Ордбасы» (Шымкент) 2:0 (0:0) Голдар: Олександр Чижов 2, Жасұлан Молдақараев 3 «Тобыл» (Қостанай) – «Жетісу» (Талдықорған) 2:2 (2:0) Голдар: Рауль Джалилов 1, 14 – Душан Савич 55, Бауыржан Тұрысбеков 58 «Тараз» (Тараз) – «Атырау» (Атырау) 0:0 (0:0) «Ақжайық» (Орал) – «Шахтер» (Қарағанды) 0:1 (0:1) Гол: Андрей Финонченко 17 Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz 24.04.2016 AST-5 24.04.2016 AST-8