14 Сәуір, 2016

Астанада авиациялық техникалық орталық салынып жатыр (фото)

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 14 сәуір. Астанада авиациялық техникалық орталық салынып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оның құрылысы аяқталуға жақын қалды. Әскери орталық  авиациялық техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнінде алғашқы көпбейінді кәсіпорын. «Бұл еліміз үшін маңызды, отандық инженерлеріміз тұрғызған әскери нысан. Құрылыстың аяқталуы жақындап қалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 97 пайызға орындалды. Біз құрылысты жоспар бойынша аяқтаймыз деп ойлаймын», деді «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС-ның құрылыс жөніндегі бас директорының орынбасары Сырымбет Сәдуақасов. Орталықтың алғашқы көрсетілімі «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде ұсынылады. Болашақта орталық ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді жоспарлар отыр. «Ол жерде Ан және С-295 типіндегі әскери ұшақтарға техникалық қызмет көрсету жүргізіледі. Әрі қарай әлеуетті құрылымдардың ұшақтарына қызмет көрсету жоспарда бар»,  деді «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС көліктік авиациясы әуе кемелерінің бөлім бастығы Қайыржан Құшанбаев. Орталықтың құрылысымен «Қазинжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС айналысып жатыр. Авиациялық орталықтың жалпы құрылысының ауданы - 62 660 шаршы метр. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі. ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????