26 Наурыз, 2016

Татулықты ту еткен толеранттылық

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
бердибек сапарбаевАқтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық уни­вер­ситетінде «Біз – Ұлы Дала елінің жастарымыз» атты толеранттылық фестивалі болып өтті. Бұл шараға өңір басшысы Бердібек Сапарбаев және облыста тұратын түрлі ұлт өкілдерінің жас­тары қатысты. Фестивальді таяуда ғана қала­лық ішкі саясат бөлімі жанынан құрылған «Ақтөбе жастары» КМК ұйымдастырды. Оның белсенді өкілдері тәрбие мен бірлік сезімі өскелең ұрпақтың бойында тәуелсіз Қазақстанның басты мемлекеттік саясатын бекіте түсетініне сенімді. Облыстық жас­тар саясаты басқармасының басшысы Дариға Исмағамбетованың айтуына қарағанда, шараның бас­ты мақсаты «Қазақстандықтар – бір отбасы» идеясын насихаттау, сонымен бірге, елде бейбітшілікті ұстап тұратын ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес, «Үл­кен мемлекет – үлкен отбасы» қадамы азаматтық қоғам қа­лып­тастыруда қазақстан­дық­тардың бірегейлігін көрсе­теді. Фестиваль аясында 11 экспози­циядан тұра­тын Қа­зақ­стан тарихы мен мәдениетін, ұлттық киім үлгілері мен тағам түрлерін қам­ти­тын көрме ұйымдастырылды. «Достық конвейері» атты дөңгелек үстелдің қатысушылары халықтар арасындағы достық қарым-қаты­насты одан әрі дамыту барысын талқылап, Қазақстан халқы жас­тар ассамблеясын құру туралы шешімге келді. Фестиваль қатысушылары «Ел­­басы жолы» фильмінен үзінді көр­ді. Шара соңында флеш-моб ұйымдастырылып, барлығы достық биі мен жас­тар әнұранын орындады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.