26 Наурыз, 2016

«Атом» жобасы – бейбітшілік үшін

329 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
DSC03470Ядролық қарусыз әлем – бұл Қазақстанның басты мақ­саты. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «АТОМ» жобасы құрылып, оны жүзеге асыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Айта кету керек, аталған жоба бойынша Семей сынақ полигонындағы ядролық жарылыстардан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау бойынша іс-шараларды жетілдіре түсуге ерекше көңіл бөлінген. Бұл ретте, радиациялық меди­цина мен экология ғылы­ми-зерт­теу институты жарылыс­тар­­дың ме­дициналық және радио­эко­логиялық салдарын анықтауда түрлі зерттеу жұмыстарын жүр­гізуде. Ат­қарылған жұмыстарды талқылау мақ­сатында Семей қаласы әкімдігінде Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үй­лестіру басқармасының ұйым­дас­тыруымен дөңгелек үстел өтті. Оның барысында Се­мей ядро­лық сынақ полигонынан зардап шек­­кен азаматтарды әлеуметтік қолдау мен медициналық қызмет көрсету туралы егжей-тегжейлі әңгіме қоз­ғалды. – Бүгінде сынақтардан зардап шеккен 290 мың 405 адам еңбекақыларына қосымша үстеме ақы алып отыр, – деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ми­нис­тр­лігінің әлеуметтік көмек де­партаментінің директоры Арман Өмірбаев. – Жыл басынан бері осы санаттағы 194 адам баспанаға қол жеткізді. Және еліміздің БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенциясын ратификациялауы да өз жемісін беруде. Қазақстан ТМД елдері арасында «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңды бірінші болып қа­былдады. Осыған орай қызмет көрсетудің стандарттары енгізілді. Еліміздің 14 өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 47 күндізгі бөлімше ашылды. Өткен жылы аталған бөлімшелер екі мың адамға әлеуметтік қызмет көр­сетті. Нәтижесінде балалар үйі мен ин­тернаттардан 492 бала отбасыларына оралды. Жарымжан балаларын күндізгі бөлімшелерге қалдыруға мүмкіндік алған 600-ге жуық ата-ана жұмысқа орналасты.  Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. Семей.