25 Наурыз, 2016

Елбасының Жарлығымен Энергетика министрі тағайындалды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-03-52016-BozumbaevАСТАНА. 25 наурыз. Мемлекет басшысының Жарлығымен Энергетика министрі болып Қанат Бозымбаев тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған  «Қ.А. Бозымбаевты Қазақстан Республикасының энергетика министрі қызметіне тағайындау туралы» жарлықта «Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын», – делінген. Талғат Райымбек. Дерек: akorda.kz. Сурет: informburo.kz.