19 Наурыз, 2016

Екі қазақстандық күрес түрлерінен Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-03-2016-Olimpiada 02АСТАНА. 19 наурыз. Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия құрлығы бойынша Олимпиадаға іріктеу турнирінің алғашқы жарыс күні екі отандасымыз Ойындар жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Еркін күрестен 74 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық палуан Ғалымжан Өсербаев турнир жеңімпазы атанып, Рио-де-Жанейро Олимпиадасына бару мүмкіндігіне қол жеткізді. Финалға дейін барлық қарсыласынан басым түскен ол шешуші белдесуде жапон палуаны Сохсуке Такатанимен кездесуі керек болатын. Алайда, жапониялық жарақатына байланысты кездесуден бас тартып, күміс жүлдемен шектелді. Дегенмен, оның да финалға дейін сүрінбей жеткені үшін Олимпиада жолдамасын иемденгенін атап өткен жөн. 19-03-2016-Olimpiada 01 Құрама қоржынына түскен екінші жолдаманы әйелдер күресінде 69 килода сынға түскен Эльмира Сыздықова алды. Бір қызығы, Эльмира да финалда жапониялықпен кездесті. Алайда, бұл жолы жапон қызы Саре Дошоның мерейі үстем болып, турнир чемпионы атанды. Біздің қыз күміс жүлдемен шектелгеніне қармастан, басты міндетті орындап, Олимпиадада өнер көрсету құқығына қол жеткізді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: zhusan.kz.