19 Наурыз, 2016

Қостанайда құтқарушылар 200 адамды қар құрсауынан алып шықты

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-03-2016-boranҚОСТАНАЙ. 19 наурыз. Қостанайда құтқарушылар бірнеше күн ішінде боранда, қар құрсауында қалған 200 адамды аман алып қалды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қорған жағынан соққан антициклон Қостанай өңіріне қар мен боран ала келді. Соның салдарынан жолдарда көру қашықтығы жоғалып, жолаушылар көлігі қарға кептеліп қалды. Сарыкөл ауданында күре жолдың бойында өрт сөндіру және апат-құтқару қызметінің қызметкерлері қар құрсауында қалған жеті адамды алып шықты. Одан кейін осы ауданнан өтетін «Екатеринбург –Алматы» күре жолының бойынан құтқарушылар 92 жолаушыны бораннан аман алып қалды. Оның 10-ы балалар. Сонымен қатар 33 көлікті де қар құрсауынан құтқарды. Ешкім зардап шеккен жоқ. «Костанай–Введенка» тас жолының және Федоров ауданындағы жол бойында боран үріп тастаған қар үйіндісінен шыға алмай тұрған 111 адам құтқарылды. Оның 15-і балалар. Сондай-ақ, қарға кептелген 30 машинаны сүйреп, жолға салып жіберді. Қазір боранның басылмауына байланысты облыс өңіріндегі облыстық және республикалық маңызы бар бірнеше жолдар жабық тұр. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. 19-03-2016-boran1