19 Наурыз, 2016

Сайлау тарихындағы ең ауқымды миссия

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
сыртқы істер министріЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы миссиясының басшылары Қазақстанның сайлауға дайындығын жоғары бағалады Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламенттік Ассамблеясы миссиясының бас­шысы Гейр Беккевольд пен ЕҚЫҰ қысқа мерзімді байқау­шы­ларының арнайы үйлестірушісі Мариетта Тидеимен кездесті. Кездесу барысында шетелдік қонақтар Орталық сайлау комис­сиясы мен Қазақстан Респуб­ликасы мемлекеттік органдары­ның халықаралық байқаушы­лармен ықпалдастыққа ашық­тығы мен тұтастай алғанда Отаны­мыз­дың алдағы сайлауға дайындық деңгейін жоғары бағалады. Өз кезегінде Қазақстан сырт­қы саясат ведомствосының бас­шы­сы сайлау өткізудің жалпы саяси астары мен аталған миссия жұмы­сының сапалы және мазмұнды дайындығын баяндады. Е.Ыдырысов қонақтарды Бес инс­титуттық реформа мен «100 нақ­ты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясын­да Қазақ­станда болған маңыз­ды саяси, эконо­ми­калық және әлеу­меттік өзгеріс­терден хабар­дар етті. Ол мем­лекеттік және қоғам­дық құры­лымдардың ашық­тығын арт­тыру бойынша кешен­ді жұмыс­тар жүргізілгенін ерек­ше атап өтіп, мұның өз кезегін­де елдегі де­мократиялық инсти­тут­тардың ны­ғаюы мен электоратты үдерістің ай­қындығы үшін қолай­лы жағ­дайлар туғызатынын көлденең тартты. Министр, сондай-ақ, сай­лау алдындағы науқан шең­бе­рін­де саяси партиялар Қазақ­стан қоға­мының назарына мемлекеттің алдағы дамуына қатысты ұтым­ды ұсыныстар жария­лан­ған­дарына назар аударды. Ал мұн­дай ашықтық үдерістері демо­кра­тиялы сайлау өткізуге мүмкіндік беріп, қоғамдық пікірталасты жандандыра түсті. «Қазақстан алдағы парламенттік сайлаудың қалай өтетініне ерек­ше мән береді. Біз жоғары демо­кратиялық стандарттарға сәйкес сайлауды ұйымдастыру арқылы қоғамның 100% сенімін қамтамасыз етуге ниеттіміз», – деді Е.Ыдырысов. М.Тидеи Қазақстанда өткізі­летін экономикалық реформалар мен дамудың әлеуметтік сая­сатын да оң бағалады. «Маған Қазақ­станның сындарлы тәсілдемелері жағым­ды әсер етті», – деп атап өтті. ЕҚЫҰ ПА қысқа мерзім­ді бай­қау­шыларының арнайы үйлес­тірушісі, сонымен қатар, Ита­лия парламентінің депутаты. Ал ЕҚЫҰ ПА миссиясының бас­шысы, Норвегия парламентшісі Г.Й.Беккевольд сайлауды бай­қау­ға арналған миссияға жұмыс жасау үшін аса қолайлы жағдай­лар жасаған қазақстандық тарапқа алғысын білдірді. Кездесу соңында тараптар тығыз және сындарлы қарым-қа­ты­насқа дайын екендіктерін растады. Айта кететін болсақ, ЕҚЫҰ ПА Қазақстан Парламенті Мәжі­лісінің депутаттарын сайлауды байқауға 76 делегат жіберіп отыр. Бұл біздің еліміздегі сайлау науқандары бойынша ЕҚЫҰ ПА байқауының тарихындағы ең ірі миссия болып табылады. Сәулебек БІРЖАН.