19 Наурыз, 2016

ТМД өкілдерінің қатары басым

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушылары мис­сия­сының өкілдері Орталық сайлау комиссиясында брифинг өткізіп, сайлау науқанына қатысты пікірлерімен бөлісті. ТМД байқаушылар миссиясы штабының мүшесі Евгений Козяктың атап өтуінше, миссия құрамында Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан, Беларусь пен Ресей одағы Парламенттік жиналысынан, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан және ТМД Атқарушы комитетінен 301 байқаушы аккредиттелген. «Сан жағынан алғанда, бұл халықаралық байқаушылардың ең үлкен миссиясы болып отыр. Олардың басым бөлігі сайлау күніне дейін Қазақстанға келеді. Сайлауды байқау аясында миссия мүшелері Бас прокуратурада, Жоғарғы Сотта және Ішкі істер министрлігінде болып, кездесулер өткізді. Бас прокурормен кездесу барысында миссия өкілдеріне сайлау науқаны кезеңінде заңнаманың сақталуын қадалағау бойынша атқарылған жұмыстар сөз болды. Жоғарғы Сот басшылығы сайлау үдерісіндегі соттардың рөлі жайында айтып берді. Ал Ішкі істер министрімен өткен кездесуде сайлау өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар жайында әңгіме болды», – деді Евгений Козяк. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».