19 Наурыз, 2016

Байқау да, жәрдемдесу де керек

367 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ERA_3345+Кеше Астанада «Сайлау үдерісіндегі қоғамдық институттар: байқау және жәрдемдесу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Отырыс төрағалығының тізгінін ұстаған Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның төрағасы Нұрлан Ерімбетов алғашқы сөз кезегін қоғамдық комиссия мүшесі Камал Бұрхановқа ұсынды. Халқымыздың ұзына бой­ғы тарихын көктей шолып, жұрт­шы­лыққа ой тастай сөйлеген қоғам қайраткері: «Мен АҚШ-тың бұрынғы Мемхатшысы Кондализа Райспен кездескенде мен ол кісіге сауал қойдым. «Сіздер жер жүзіне демократия қағидаттарын үйреткілеріңіз келеді. Ал Колумб Американы ашпай тұрып-ақ біздің халқымыздың хандарын ақ киізге көтеріп сайлағанын, ешкімнен тайсалмайтын, туғанына тартпайтын билер инс­титуты болғанын білесіздер ме?», деп сұрадым. Расында, біздің халықтың далалық демократиясының тамыры тереңде жатыр. Өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлағанда оны кейбіреулер Қазақ мемлекетіне 550 жыл дегілері келді. Жоқ, қазақ мемлекетінің тарихы сонау бағзыда, сақтарда жатыр. Алтын адамды БҰҰ-да көрмеге қойғанда «Сақ жауынгері б.з.д. V ғасыр» деп жазыпты. Сонда мен елшіліктің азаматтарына айттым: «Неге тек бұлай деп жаздыңыздар? Мұны біз білеміз, ал өзге құрлықтан келген елші сақтың кім екенін қайдан біледі. Бұл біздің ханзадамыз екенін ашып жазу керек», дедім. Өз тарихын терең білген ел адас­пайды, өзгенің қолжаулығы да болмайды. Қазақ демократиясы қазіргідей жәшікке қағаз салып, сайлау учаскелерін құрып дауыс бермегенімен, әділдікті ту еткен сайлау өткізген. Біздің қазіргі қалыбымыз сол дұрыс жолдың жалғасы», – деп ой қорытты. Кеңестің ендігі бір мүшесі Марат Бәшімов сайлауалды үгіт-насихат кезінде ешбір алалаудың орын алмағанын, электораттың қай партияға да қатысты мәлімет­терге толыққанды қанық­қанын айтса, академик Жабайхан Әбділ­дин: «Қазақстан әу бастан де­мо­кратиялық жолды таңдады. Қоғам­ның әрбір азаматы еркін. Әр адам­ның сайлауға, сайлануға, билікке ұмтылуына жол ашық. Биліктің үш тармағының әрқайсысы заң аясында өзіне берілген өкілеттілігін атқарады. Біздің барлығымыздың еркіндігіміз заңымызда ай­шық­талған. Осылардың ішінде қоғамның дұрыс жолда дамуында заң шығару билігінің орны айрықша. Себебі, қоғамды ілге­рі­лететін де, кері кетіретін де заң. Демократиялық қоғамда заң би­­лігі үстем. Сайлау бізді осы ба­ғытта жүргізіп, елімізді мәңгі­лік мақсаттарға жетелейді», – деді. Дөңгелек үстелге қаты­су­шылар көзқарастарындағы, идеялар­ындағы, пікірлеріндегі, мүмкін­ді­ктеріндегі ерекше­лік­теріне қарамастан, барлық сая­си партиялардың ашық және бәсе­келі күреске бірдей деңгейде қол­жетімді болуына қоғамдық комис­сияның әр мүшесінің аянбағанын айтты. Барлық заңнамалардың мүлтіксіз орындалуын, нормалар мен шарттардың бұзылмауын бақыладық. Ұсақ-түйек деген жоқпыз, барлығына мән беріп, сайлауалды жұмыстардың барлығының заңға сәйкес өтуіне жіті қарадық, енді нақ жауапты кезең – сайлау тым таяу. Жұмысымызды аяғына дейін атқарып, әрбір сайлау учаскесінде дауыс беру процедурасын қадағалайтын боламыз, деді олар. Мұнымен қоса, отырыста қо­ғамды демократияландыру үде­рісінде қоғамдық байқаушылар институтының белсенді қимыл жасауы ертеңгі жарқын күннің кепілі деген комиссия мүшелері байқаушылар қызметіндегі құқықтық және тәжірибелік аспектілерге де назар аударды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».