19 Наурыз, 2016

Достастық аясындағы іс-шаралар

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бакытжан СагынтаевҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 69-шы отырысының жұмысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Іс-шара барысында эко­но­ми­калық ынтымақ­тас­тық­тың кең ауқымды мәселелері талқы­лан­ды. Атап айтқанда, ТМД Эко­номикалық кеңесінің мүшелері Шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы еркін сауда аймағы, мемлекеттік сатып алуларды реттеу ережелері мен процедуралары туралы келісім хаттамасының, Электр энергетикасы нысандарындағы апаттар туралы ақпарат алмасу туралы келісімнің, ТМД мемлекеттері ын­­ты­­мақ­тастығының химия өнер­кә­сібі саласындағы тұжырым­да­ма­сының жобаларын талқылады. Мұның сыртында отырыс­қа қатысушылар ТМД мемлекет­терінің атом энергиясын бей­біт мақ­саттарда пайдалану сала­сын­дағы ядролық және ра­диа­циялық қауіпсіздігі тұжырым­дамасын жүзеге асыру жөніндегі бірін­ші кезекті іс-шаралар жос­парын, сондай-ақ, Достастық мем­ле­кеттерінің 2016-2020 жылдары жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен жұмыстарының перспективалы жоспарын талқылады. Аталған құжаттар елдердің энергетика және геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастығын кеңейте түсуге бағытталған. Кеңес мүшелері, сондай-ақ, ТМД-ға мүше мемлекеттердің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекетаралық инновациялық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру барысымен де танысты.