15 Наурыз, 2016

«Мансап» – машықтану мектебі

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекеттік қызмет іс­тері министрлігінің Ақтөбе об­лысы бойынша де­пар­таменті дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында өңір­де алғаш рет «Мансап» Ақ­төбе студенттік мемлекеттік қыз­мет мектебін ашуға ұйытқы бол­д­ы. Бұл жоба Қ.Жұбанов атын­­дағы Ақтөбе өңірлік мем­ле­кет­тік университетімен, об­лы­с­тық мемлекеттік қыз­мет­­кер­­лер­ді қайта даярлау және білік­­­тілігін арттыру орта­лығы­мен және облыстық жастар сая­саты мәсе­лелері жөніндегі басқар­ма­мен бірлесіп жүзеге асырылды. Қ.Жұбанов атындағы Ақ­төбе өңірлік мемлекеттік уни­­вер­ситетінің базасын­да ашыл­ған «Мансап» мек­тебі­­­нің мақсаты жас көшбас­шы­ларға мемлекеттік органдар­дан тәжірибеден өту арқылы мемлекеттік қызметке дағды­лану­ға мүмкіндік беру болып табылады. Мектепке оқушыларды қабылдау екі кезеңнен тұратын конкурстық іріктеу негізінде жүргізіледі. Бірінші кезеңде талапкер ҚР заңнамаларын білуге ар­нал­ған тестілеуден өтеді, екін­ші кезеңде әңгімелесу мен бір тақы­рыпқа эссе жазу қарас­тырылған. Тәжірибеден өту ба­рысында 3-4 курс сту­дент­тері мемлекеттік қыз­мет­­­кер­ге қажетті білім мен ғы­­лым­­ды игереді. Мек­теп тың­­дау­шылары алған білім­дерін облыстың мемле­кеттік меке­мелерінде тағы­лым­да­ма­дан өту арқылы нығай­тады. Тағылымдама нәти­жесі­мен «Мансап» мек­тебінің түлектеріне оқу курсын аяқта­ға­ны туралы сертификат беріледі. Бұл жоба «Мансап» мек­тебінің түлектеріне болашақ­та осы саладағы еңбек жолдарын­да биік белестерді бағын­ды­рып, тек заң аясында және ел мүд­десіне адал қызмет етуге мүм­­кіндік береді. Мұнда қазір 25 сту­­дент мемлекеттік қызмет сала­­сы бойынша қосымша білім алуда.  Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.