15 Наурыз, 2016

Шекаралық бақылау талапқа сай болуы тиіс

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бакытжан Сагынтаев Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы облысында болып, «Қорғас» Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығының, «Қорғас» және «Алтынкөл» өткізу пункттерінің, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портының жұмыстарымен танысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан өткізу пунктінде болған кезде бірінші вице-премьер кедендік процедураларды және тауарлар мен көлік құралдарына мемлекеттік бақылау жасаудың өзге де түрлерін ұйымдастыру үдерісімен танысты. Бақытжан Сағынтаев қазіргі бар инфрақұрылым бүгінгі заман талаптарына жауап бермейтіндіктен, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларындағы автомобиль пункттерін бақылауды жаңғырту және техникалық құралдармен жарақтандыру қажеттігін атап көрсетті. Оның сыртында көлік әлеуетін арттыру және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында шекарада бақылаудан өту уақытын қысқарту бойынша ықпалды шаралар қабылдау қажет. Сапар қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.