15 Наурыз, 2016

Күрделі математикалық теңдеу

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
математика-1қызылордалық оқушының күшімен шешілді Жақында Қызылорда қаласының 9-сынып оқушысы Әбілпасым Латыш осы кезге дейін ешкімнің ойына келмеген математикалық теңдеуді шығарды. Математиканың айналасында жүретін ғалымдар мен мамандардың айтуынша, оқушының шығарған теңдеуі сәулет өнері мен роботехниканың жұмысына түрлі эскиздер жасауға мүмкіндік береді. Әбілпасым математикалық теңдеу шығар­ғаннан кейін өзінің жұмысын Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан мен еліміздің 400-ге жуық жас математиктері қатысқан халық­аралық конкурсқа ұсынған болатын. Сол жер­де оның зерттеу жұмысына шетелдің жасы үл­кен ағалары мен апалары өте жоғары берді. Әбілпасым Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқиды. Қазір оның математикалық теңдеуіне отандық ғалымдар да зор қызығушылық білдіріп жатыр. «Бұл жас жігіттің шығарған теңдеуі жобалау және үлгілеудің әдістерін анағұрлым жеңілдетеді. Қазір ол 17 жасында таңғажайып формула шығарып жатса, болашақта одан үлкен үміт күтуге болады», дейді ғалымдар. – Мен мектепте жасаған жұмыстарыммен тоқтап қалмаймын. Алдыма үлкен мақсат қойып отырмын. Ол – физика мен астрономия саласын одан сайын терең зерттеп, планеталар мен олардың серіктерінің қозғалысын теңестіру. Болашақта жерлесім Асқар Жұмаділдаев сияқты үлкен ғалым болып, еліме қызмет еткім келеді», – дейді Әбілпасым. Рүстем ЖҰМАН.