14 Наурыз, 2016

Жезқазғанда полиция автокөлігіне оқ атқандар қолға түсті

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-03-2016 carҚАРАҒАНДЫ. 14 наурыз. Жезқазған қаласында полицияның қызметтік автокөліктеріне оқ атқан күдікті қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Полиция қызметкерлері Жезқазған қаласында жалған құжаттармен жүргені үшін «ВАЗ-2106» автокөлігінің иесіне әкімшілік хаттама толтырып, машинаның өзін айып тұрағына жіберді. Осы кезде жүргізушінің танысы мәселені басқа жолмен ретке келтірмек болады. Алайда, бұл әрекетінен ешнәрсе шықпағаннан кейін күдікті екі сыбайласымен бірге қайтып келіп, полиция автокөліктеріне оқ жаудырған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілердің бәрі де қолға түсті. Тәртіп сақшыларына қарсы оқ атқан 25 жастағы күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, оның екі сыбайласы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: altyn-orda.kz.