14 Наурыз, 2016

Елімізде алғашқы патрон зауытының іргетасы қаланды (фото)

357 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 14 наурыз. Қарағанды қаласындағы «Сарырқа» арнайы экономикалық аймақтың аумағында Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов алғашқы қазақстандық патрон зауыты құрылысының басталуына арналған рәсімге қатысты. Жоба еліміздің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша әзірленді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл зауытта 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм, 9*19 мм калибрлі патрондар шығарылады.  Қазіргі кезде еліміздің Қарулы Күштерінде патронның осы түрлері үлкен сұранысқа ие. Зауыт «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында салынады. Аймақтың аумағында барлық инженерлік коммуникациялар, авто және теміржол көлігі бар. Құрылыстың жалпы ауданы 26 400 шаршы метр болады. Зауыт 2017 жылдың желтоқсан айында салынып бітеді. «Патрон зауыты елімізге қажет кәсіпорын. Шетелде мұндай зауыттар баршылық. Біздің елде жез сияқты қорытпалар көп. Олар өндірілмей жатпауы тиіс. Біздің елдің жерде жатқан байлығы, ақшасы. Оқ-дәрілер осы қорытпадан жасалады.  Патрон зауытында жез сияқты қорытпаның 300 тоннасын қолдану көзделіп отыр», дейді «Казтехнологии» АҚ басқарма төрағасы Медер Маселов. Оның айтуынша, патрон зауыты салық түрінде өңірдің бюджетіне жылына 680 млн теңге қаржы түсіреді. Бұл ең қарапайым болжам. Алдағы кезде зауыттың жұмысы жанданып, оқ-дәрілер көптеп сатылып жатса, Қазақстанның оқ-дәрілерді өндіретін елдер қатарына енуіне мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде «Казтехнологии» АҚ зауыт өнімін экспорттау бойынша келіссөздер жүргізуде. Атап айтқанда, «Kadex-2016» көрмесі аясында көптеген мемлекеттерге өнім жеткізу жөнінде келісімге қол қою жоспарланып отыр. Бүгінде елімізде оқ-дәрілер шығарылмайды. Қазір әскерде пайдаланып жатқан патрондар КСРО-дан қалған оқ-дәрілер. Ал, алғаш еліміздегі патрон зауыты жылына 30 млн. оқ-дәріні шығарады. Патрондар озық құралмен жабдықталады. Патрондарды жасайтын жабдықты канадалық Waterbury Farrel компаниясы жеткізеді. Осы зауытта 164 жұмысшы істейтін болады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????