14 Наурыз, 2016

Қарағандының спортшылары Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-03-2016 brazilҚАРАҒАНДЫ. 14 наурыз. Теміртаулық суда мәнерлеп жүзуші апалы-сіңілі Немичтер биылғы жазғы Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Александра және Екатерина Немичтер Рио-де-Жанейро қаласында суда мәнерлеп жүзуден өткен турнирде 10-орын алып, Олимпиаданың лицензиясына қол жеткізді. Жарыс барысында Колумбия, Аргентина және Израиль сынды елдердің мықты жұптарын артқа қалдырды. Аталған жарыс қорытындысы бойынша жазғы Олимпиада ойындарында өнер көрсететін 24 жұп іріктелініп алынды. Апалы-сіңлілі Немичтер Теміртау қаласында, Елена Котова деген білікті жаттықтырушының қарамағында жаттығады. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.