14 Наурыз, 2016

Кот-д’Ивуарда лаңкестік әрекеттен 16 адам қаза тапты

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-03-2016 gran-basamАСТАНА. 14 наурыз. Кот-д’Ивуардың Гран-Басам қаласындағы саяхатшыларға арналған демалыс орнында лаңкестер шабуыл жасап, 16 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Алғашында қаза тапқандар саны 12 адам болғаны туралы ақпарат тарағанымен, олардың саны 16 адамға жеткені белгілі болды. Daily Star басылымының хабарлауынша, оқиға жексенбі күні, яғни 13 наурызда орын алды. Etoile du Sud қонақүйіне жалпы саны 5 содыр шабуыл жасады. Алдын ала болжам бойынша, лаңкестер қонақүйде бірнеше адамды тұтқында ұстаған. Қаза тапқандардың арасында Еуропадан келген 4 адам бар. Reuters агенттігінің ақпарынша, лаңкестік әрекетті «Аль Каида» ұйымы өз мойнына алды. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: РИА «Новости».