13 Наурыз, 2016

Малайзияда екі кеме соқтығысып, 6 адам қаза болды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-03-2016 malaysiaАСТАНА. 13 наурыз. Малайзияда екі кеме соқтығысып, 6 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 8 адам ауыр жарақат алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. New Straits Times басылымының хабарлауынша, оқиға 13 наурызға қараған түні Сабах штатының әкімшілік орталығы Кота-Кинабулу қаласында болды. Су көлігінің бірінде үйлену тойына жиналған 30 адам, ал екіншісінде жергілікті фабриканың 24 қызметкері болған. Тәртіп сақшылары апаттың басты себебі, тұманның салдарынан болуы мүмкін деген болжам жасады. Ал су көліктерінің екеуінде де суға батырмайтын арнайы кеудешелердің болмағанын айтты. Екі кеменің соқтығысуынан барлығы 20 адам түрлі дене жарақатын алды. Алайда, 8 адам ғана жақын маңайдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, екі адамның жағдайы тым ауыр. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: yakutia.info.