13 Наурыз, 2016

«Астана» баскетбол командасы қатарынан жетінші рет жеңілді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-03-2016-astana 01АСТАНА. 13 наурыз. Бүгін баскетболдан ВТБ Бірыңғай лигасы шеңберінде «Астана» Чехияның «Нимбурк» командасын қабылдап, 63:98 есебімен ойсырай жеңілді. Осымен елордалықтар қатарынан жетінші рет қарсыластарына есе жіберіп отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен кездесуде чехиялықтардың басымдығы анық байқалды. Алғашқы үш кезеңде басым түскен олар соңғы төртінші бөлікте ғана «Астана» ойыншыларына мүмкіндік берді. Нәтижесінде алаң иелері аталған кезеңде екі ұпай басымдығымен жеңді. Алайда, бұл көрсеткіш жалпы есептегі жағдайға ешқандай өзгеріс әкеле алмады. Осымен қатарынан жеті рет жеңілген «Астана» бүгінде турнир кестесінде 15-орында тұр. Рамунас Бутаутастың шәкірттері келесі кездесуін 16 наурызда өз алаңында Санкт-Петербургтің «Зенитімен» өткізеді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: bcastana.kz.