12 Наурыз, 2016

Хорватияда мүгедек жігіт банкті тонады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-03-2016-bankАСТАНА. 12 наурыз. Хорватияда арбаға таңылған мүгедек жігіт шетелдік банктің филиалын тонап кетті. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Тонау Австрияның Загребте орналасқан Erste Bank деп аталатын банкі бөлімшесінде орын алған. Жұрттың жәрдемімен ғимарат ішіне кірген 35 жастағы мүгедек жігіт кенет: «Менің қолымда бомба бар!» деп айқайлайды. Ол сонымен бірге қаржы мекемесінің қызметкерлерінен кассалардағы ақшаның бәрін қолына әкеліп салуды талап етеді. Содан кейін мүгедек жігіт банктен 50 мың кун (шамамен 7300 доллар) алып, сырттағы такси тұрағына өз бетінше жетеді. Жүргізуші клиентінің арбасын жүксалғышқа салып, өзін Бьеловар қаласына алып кетеді. Сол жерде тонаушы өзін күтіп тұрған полицейлердің қолдарына да түседі. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: ras.kz.