12 Наурыз, 2016

«Қайрат» сырт алаңда «Таразға» есе жіберді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-03-2016 kairatАСТАНА. 12 наурыз. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының жаңа – 25 маусымы басталды. Алғашқы күні бірінші турдың үш ойыны ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Тараз» (Тараз) – «Қайрат» (Алматы) 2:1 Голдар: Игорь Зенькович 65, Тарас Данилюк 87 – Виталий Ли 89. Осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған «Қайрат» командасы сырт алаңда өткен ішкі біріншіліктің алғашқы ойынында жеңіліп қалды. Алаң иелерінің сапынан Игорь Зенькович пен Тарас Данилюк бір-бір голдан соқса, «Қайрат» командасынан Виталий Ли жалғыз доптың иесі атанды. Александр Бородюктің премьер-лигадағы алғашқы ойыны жеңіліспен аяқталды. Келесі турда «Қайрат» командасы сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпес» командасына қарсы ойнайды. «Жетісу» (Талдықорған) – «Атырау» (Атырау) 1:1 Голдар: Бауыржан Тұрысбек 61 – Ұлан Қонысбаев 19. «Астана» (Астана) – «Шахтер» (Қарағанды) 2:1 Голдар: Джордже Деспотович 47, Таңат Нөсербаев 65 – Корнелис Уббинк 8. Айта кетейік, ертең бірінші турдың қалған ойындары ойналатын болады. Ол ойындарда мына командалар кездеседі: «Ордабасы» (Шымкент) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) «Ертіс» (Павлодар) – «Оқжетпес» (Көкшетау) «Тобыл» (Қостанай) – «Ақжайық» (Орал). Аян Әбдуәли. Дерек: egemen.kz. Сурет: vk.com.