12 Наурыз, 2016

Моноқалада 280 орындық балабақша ашылды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_3257Мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Степногор қаласының 7-ші мөлтек ауданында көптен күткен 280 орындық балалар бақшасы ашылды. Мектепке дейінгі мекеменің құрылысына 452 миллион теңге қаржы жұмсалды. Мұнда қазір 16 топқа бөлінген 280 бүлдіршін тәрбиеленуде. Қазіргі күні моноқалада мемлекеттік-жекемен­шіктік әріптестік қозғалысын өрістету нәтижесінде 1 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді тәрбие ошағымен қамту 60,5 пайызды құраса, аталған балабақшаны пайдалануға беру бұл көрсеткішті бірден 64 пайызға көтерді. Ал, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды бақшаға орналастыру 95,5 пайызға жетіп отыр. Сондай-ақ, бұған қосымша, 2016-2017 жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тағы 6 балабақша мен шағын орталықтар пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Степногор қаласы.