12 Наурыз, 2016

Шеруден кейін кешірім сұрады

251 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Әлем-жәлем әлем 11-03-16-gazetaҮндінің Mathrubhumi деген газеті өзінің бірінші бетін түгел Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардан кешірім сұрауға арнады. Бұған малаялам тілінде шығатын басылымның мұның алдында әлеуметтік желілерден Пайғамбар туралы жазылған мақала соңында берілген исламға қарсы комменттерді көшіріп басқаны себеп болды. Осыдан кейін Керала штатындағы мұсылман ұйымдарының өкілдері редакция ғимараты алдында шеру өткізіп, исламды қорлаушылыққа жауап беруді талап еткен. Ал өз қателіктерін тез түсінген баспасөз құралы басшылығы ертеңіне газет бетінде кешірім өтінген. Адамды адам еткен – ас-су Марксизм классигі Ф. Энгельс «Адамды адам еткен – еңбек» деп еді. Ал қазіргі заманның оқымыстылары адамды осы дәрежесіне жеткізген, ең алдымен, тамақ екенін өздерінше дәлелдеп шықты. АҚШ-тың Гарвард университетінің мамандары байырғы адамдардың отқа қақталған етті жей бастаулары олардың келе-келе ірі тістері мен күшті жақ сүйектерінен айырылуларына, сөйтіп, қазіргі кейпіне келуіне мүмкіндік берді, деген тұжырымға қазық байлап отыр. Ғалымдар мұны адам тектес маймылдардың, сондай-ақ, австралопитектердің өте үлкен тістері мен қуатты жақтары болғанымен байланыстыра қарастырады. Тоғыз КамАЗ-дан құралған той кортежі 11-03-16-KamAZӘзербайжанда тұратын жас жігіт үйлену тойында... тоғыз КамАЗ жүк көлігінен тұратын кортеж әкеліп, қалыңдығын қатты таң қалдырды. Бойжеткен болашақ күйеуінің бұл ерекше тірлігін лайықты бағалады. Жігіттің өзгеше әрекетіне ол тұратын Ленкоран ауданындағы Ширинсу ауылының тұрғындары мен көптеген той қонақтары да ризашылық танытты. Тау жолымен жүріп келе жатқан сол тізбек түсірілген ролик артынша желінің хитіне айналды. Баласын сөмкеге салып, ұшпақшы болған Air France авиакомпаниясының Ыстамбұл – Париж рейсінде күтпеген оқиға орын алды. Жолаушы әйелдердің бірі өзінің 2 жасар баласын сөмкеге салып, діттеген жеріне бармақ болған. Аты-жөні Виктория Иванова екені әйгіленген бұл әйелдің тәртіп бұзғанын жанында отырған ер кісі білдіреді. Жолаушы жігіт оның сөмкесінде әлдененің қозғалатынын байқап, дереу бұл жөнінде стюардессаға айта қояды. Тексере келгенде, ақшаны үнемдегісі келген әйелдің жол дорбасына кішкентай баласын салып алғаны белгілі болады. 11-03-16-paukБалық пен бақа жейтін өрмекші де бар екен Австралияның Брисбен қаласында өткен Бүкіләлемдік ғылыми фес­тивальде биологтар жұртқа суда жүзетін өрмекшінің жаңа бір түрін таныстырды. Бұрын белгісіз болып келген бұл жәндікті олар осы фестивальдің негізін қалаушылардың бірі – Брайан Гриннің құрметіне Dolomedes briangreenei деп атауға шешім етті. Аталған өрмекші судың жоғарғы қабатында жүріп, балық пен бақаларды аулайды екен. Және ол өзінің көлемінен үш есе үлкен мақұлықтардың өзін жем ете береді. Ұйқысы көптің ақылы да көп Айтарлықтай көп уақыт ұйықтаған адамның басқаларға қарағанда, ақылдырақ көрінетіні бар. Мұны Шотландияның Эндрюс және Швецияның Каролина университетінің ғалымдары анықтады. Зерттеушілер жақсы ұйықтап, милары тынығып қалған адамдардың көп жағдайларда өзгелерден өрелері биік болып көрініп тұратындарына көз жеткізді. Мұны әртүрлі эксперименттер де растап берген. Олар түні бойы ойланып, бас қатырып отырғандарға қарағанда, жұмбақ шешуін оңай тауып тұрған. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.