12 Наурыз, 2016

Алматының мыңжылдығы

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
үшін логотип таңдап алынды 11-03-2016 Almaty 2 11-03-2016 Almaty 1Иә... сонымен, Алматы ша­һары 1000 жылдық мерейтойын атап өтуге дайын. Бірақ ол айтулы мереке үстіміздегі жылдың қай айында, қай күні болары әзірге беймәлім. Қалалық мәдениет басқармасының бас маманы Данияр Әлиевтің мә­ліметіне қарағанда, Алматы әкімдігінің атынан ЮНЕСКО-ның бас штабына жазылған арнайы қарар бар. «Алматыға – 1000 жыл!» деген ұлы дүбірге қатысты мәселе оң шешіліп қалар деген үміт те жоқ емес. Демек... Осыған орай Алматы аспанға отшашу атылар күнді лайықты қарсы алуға тас түйін әзір екенін білдіріп те қойды. Күні кеше қаланың 1000 жылдығына орайластырып жарияланған бір айлық байқаудың жеңімпазы анық­талды. Шаһардың он ға­сырлық мерекесін айшық­тай­тын лайықты логотип авторы алматылық су­рет­ші Елена Май­данова 1 мил­лион теңге сый­ақыны жеңіп алды. Алда­ғы күндері қала кө­шелері мен алаң­дарынан ойып тұрып орын алатын кескіндеме сурет ұзын-саны 123 жобаның ішін­дегі ең үздігі деп танылды. Сарап­шылар бұл суретке көне түркі заманындағы руни­калық белгілері үшін ба­сым­дық бергенін жасырмайды. Алматы апортының ғажайып кескіндемесі өзге белгі­лермен жарасымды үйлескен деген тұжырым жасалғаны да баршаға жария етілді. Бүгінде күллі шаһар тұрғын­дары Париж жаққа құлақ түріп, желдей есіп жететін жағымды жа­­ңа­лықты ынтызар күймен күтіп отыр... Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.