12 Наурыз, 2016

«Футбол королі» Пеле

453 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
11-03-16-peleөзінің барлық жүлделерін аукционға шығарып сатпақшы Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған бразилиялық «футбол королі» Пеле өзінің жиған-терген барлық алтын медальдарын аукционға шығарып сатуға ше­шім қабылдады. Жасы 75-тегі спорт ардагері сол саудадан түскен ақшаны Куритиба балалар ауруханасына аударғысы келетінін де мәлімдеп отыр. Пеле аталған аукционға өзі­нің екі мыңнан астам жеке мүкә­малдарын шығармақшы. Олардың арасында Бразилия штаттары чемпионаттарынан бастап, жа­һандық жарыстарға дейінгі бәсекелерде алған медальдары мен жүлделері бар. Бұлардың ең сү­белілері қатарына әлемнің 1958, 1962 және 1970 жылдардағы чемпионат­тарында жеңіп алған алтын медальдары мен ең соңғы жолғысында берілген Жюль Римэ жүлдесінің көшірмесі жатады. Бұдан 46 жыл бұрын Бразилия құрамасы Мек­сикада өткен мундиалда үшінші мәрте чемпион атанғанда, сом алтыннан құйылған бас кубок – Жюль Римэ жүлдесі командаға мәңгіге сақтауға табыс етілген еді. Рас, ол 1983 жы­лы ұрланып кетіп, сол бойы та­был­маған. Оның балқытылып тасталғаны да кейін белгілі болды. Бұдан басқа, лотта Пеленің жасөспірім шағында шұлықтардан құрастырылып жасап ойнаған добы да тұрады. – Мен жанкүйерлер мен коллек­ционерлерді өз тарихымның бір бөлшегі болуға шақырып отырмын, – деп түсіндірді бұл шешімін әлемнің үш дүркін чемпионы. – Мен олардың осы артефактарды қастерлеп, өткен өмір жолым жайлы ойларын балаларына айтып береді деген үміттемін. Қазір «футбол королі» ұсы­натын Жюль Римэ жүлдесінің көшірмесі 400 мың доллардан 1 миллион долларға дейін барады деген болжам айтылуда. Сол сияқты үш әлем чемпионатының алтын медальдары 200 мыңға дейінгі бағамен сатылады. Ал фут­болшылық мансабындағы 1000-шы голы соғылған доп 40-60 мың долларға сатылуға тиіс. Тіршілікте «Эдсон Арантис ду Насименту» деген аты бар Пеленің бұл аукционы биылғы жылғы 7-9 маусым күндері Лондонда өтеді. Руслан ИГІЛІК.