08 Наурыз, 2016

Бүгін футболдан Қазақстан Суперкубогы сарапқа салынады

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08-03-2016-superkubok 01АСТАНА. 8 наурыз. Бүгін футболдан еліміздің қазіргі чемпионы «Астана» командасы мен Қазақстан Кубогының иегері Алматының «Қайраты» Қазақстан Суперкубогын сарапқа салады. «Астана Арена» стадионында өтетін матч жергілікті уақытпен сағат 15:00-де басталады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған ойынға Өзбекстанның танымал төрешісі Равшан Ирматов қазылық етеді. Одан бөлек, матч өтетін уақытта қалада көлік қозғалысы шектелетінін атап өткен жөн. Нақты айтқанда, сағат 13:00-ден бастап Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары бойында Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Жолдар матч соңына дейін жабық болады. Сондықтан әуежайға баратын астаналықтарға және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына полицейлер айналып өту жолдарын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Ең ыңғайлы жол – Орынбор көшесі арқылы жүру. Дәстүр бойынша футбол әуесқойлары үшін арнайы трансфер ұйымдастырылады. Автобустар жанкүйерлерді бес жерден алып кетеді. Олар: «Қазақстан» спорт сарайының, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінің, сондай-ақ, елордалық цирктің автотұрақтары. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: vesti.kz.