07 Наурыз, 2016

Нигерияда жол апатынан 20 адам қаза тапты

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-03-2016 nigeriyaАСТАНА. 7 наурыз. Нигерияның солтүстігіндегі Баучи қаласында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, 18 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жолаушылар автобусы бірден өртеніп кетті. Оқиға орнында 17 жолаушы мен жүргізуші мерт болды. Жол-көлік оқиғасы жексенбі күні кешке таман болды. Дәл осы күні жол апатынан Нигерияның еңбек министрінің орынбасары Джеймс Очали және оның ұлы мен әйелі қаза тапты. Тергеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, көлік дөңгелегінің жарылуы себеп болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Нигерия әлемдегі жол апаты жиі болатын елдердің алдыңғы қатарында тұр. Бұл елде жол-көлік оқиғасынан жылына мыңдаған адам қаза табады. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Сурет fotodtp.net.