07 Наурыз, 2016

Фристайлшы Жанбота Алдабергенова Еуропа Кубогында топ жарды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-03-2016-aldabergenovaАСТАНА. 7 наурыз. Фристайлдан Швейцарияның Айроло қаласында өткен Еуропа Кубогында қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова топ жарды. Бұл туралы Шаңғы спорты халықаралық федерациясының ресми сайты – fis-ski.com-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Отандасымыз 152,95 ұпай жиып, алдына жан салмады. Ал 149,70 ұпай еншілеген белорус қызы Ханна Хуськова күміс медальді мойнына тақты. Оның отандасы Александра Романовская 149,17 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, осы сайысқа қатысқан тағы бір қазақстандық Жібек Арапбаева 122,3 ұпай жинап, 8-орынға табан тіреді. Аталған жарыста барлығы 12 спортшы бақ сынағанын атап өткен жөн. Еламан Қоңыр. Дерек: fis-ski.com. Сурет: facebook.com.