07 Наурыз, 2016

Дэвис Кубогы. Қазақстан соңғы жарыс күнінде Сербияға есе жіберді (фото)

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-03-2016-tennis 06АСТАНА. 7 наурыз. Теннистен Дэвис Кубогының 1/8 финалы шеңберінде Қазақстан Сербия құрамасымен күш сынасып, үш күннен тұрған айқаста 2:3 есебімен есе жіберді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сербия астанасы – Белград қаласында өткен жарыстың соңғы күнінде алдымен кортқа әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович пен қазақстандық Михаил Кукушкин шықты. 4 сағат 57 минутқа жалғасқан ойында Джокович 6:7, 7:6, 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетіп, жалпы есепті теңестірді. Ал бесінші шешуші кездесуде сербтер Виктор Троицкиге сенім артты. Ал Қазақстан құрамасының капитаны Александр Недовесовке мүмкіндік берді. Алайда, АТР рейтингінде 23-орында тұрған Троицки біздің теннисшіден үш сетте 6:2, 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, жалпы есепте командасына жеңіс әперді. Осылайша, Дэвис Кубогының ширек финалына берілер жолдаманы Сербия иемденді. Бұған дейін Ұлыбритания, Аргентина, Франция, АҚШ, Италия және Ресей құрамалары да жарыстың аталған кезеңіне шыққанын атап өткен жөн. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: daviscup.com. 07-03-2016-tennis 01 07-03-2016-tennis 02 07-03-2016-tennis 03 07-03-2016-tennis 04 07-03-2016-tennis 05