06 Наурыз, 2016

Белгілі музыкант Николаус Арнонкур қайтыс болды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-03-2016 musicАСТАНА. 6 наурыз. Венада әлемге танымал австралиялық музыкатанушы, дирижер Николаус Арнонкур 86 жасында қайтыс болды. Бұл туралы bbc.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ол біраз жылдар Concentus Musicus ансамблінің жетекшісі болған. Шет елдерге гастрольдік сапармен жиі барып, көптеген сыйлықтың жеңімпазы атанды. Николаус Арнонкур оркестр құрамында да музыкант болған. Виолончель және виоло да гамба аспаптарында ойнайтын. Оның ансамблінде өзгеше музыкалық аспаптарды байқауға болады. Ол көбіне ортағасырлық аспаптарға мән береді. Өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмысымен айналысып келді. Тек осыдан бірнеше ай бұрын, яғни 2015 жылдың желтоқсан айында ғана денсаулығының күрт нашарлауына байланысты зейнетке шыққан. Вена филармониялық оркестрінің мүшелері, әйгілі музыканттың қалдырып кеткен мұрасын ары қарай жалғастырып, осы жолда аянбай еңбек ететіндерін мәлімдеді. Аян Әбдуәли. Дерек: bbc.com. Сурет: berlin1.de.