07 Наурыз, 2016

Түркияда босқындар мінген кеме апатқа ұшырады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-03-2016 turkeyАСТАНА. 7 наурыз. Түркияның Эгей теңізінің жағалауында босқындар мінген кеме апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Құтқарушылар тобы 15 адамды құтқарып қалды. Іздеу-құтқару жұмыстарына үш кеме және бір тікұшақ жұмылдырылды. Түркия осыған дейін 2,5 миллион сириялық пен 200 мыңнан аса ирак босқындарын қабылдаған. Олардың көбі Түркия арқылы Еуроодақ елдерінің біріне өтіп кетуді жоспарлайды. Алайда, пластикадан, ағаштан жасалған немесе үрленген қайықтары ұзаққа шыдамай, апатқа ұшырап жатады. Бүгінге дейін бұл елдің жағалауында жүздеген босқындар мерт болды. Айта кетейік, осы жылдың 8 ақпанында босқындар мінген көп ескекті үлкен қайық апатқа ұшырап, 27 адам қаза тапқан. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.