06 Наурыз, 2016

Украинадағы шахталардың бірінде метан газы жарылды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-03-2016-vzrivАСТАНА. 6 наурыз. Украинаның Днепропетровск облысындағы «Юбилейная» шахтасында метан газы жарылды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған шахтадағы жарылыстың салдарынан 3 адам зардап шеккен. Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде кеніште 170-тен астам жұмысшы болған дегенді айтуда. Жарылыс кезінде олар тез арада сыртқа шығарылған. Айта кетейік, қазіргі уақытта жарылыстың себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Олар апат орнында құтқарушылармен бірігіп жұмыс жасауда. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.