05 Наурыз, 2016

Елбасы «Макдоналдс» жылдам әзірленетін тағам мейрамханасына барды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-03-2016-elbasy 01АСТАНА. 5 наурыз. Бүгін Мемлекет басшысы «Макдоналдс» жылдам әзірленетін тағам мейрамханасына барды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Мемлекет басшысы «Макдоналдс» корпорациясының Қазақстандағы алғашқы кәсіпорны жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен әңгімелесті Мейрамхана ауданы 863 шаршы метр аумақты алып жатыр, келушілер үшін отыруға лайықталған 206 орны бар. Оны безендіруге жаңа тұжырымдарға негізделген дизайндар, сондай-ақ, келушілерге қызмет көрсетудегі ең заманауи жүйелер қолданылған. Компанияның екінші мейрамханасын да 2016 жылы ашу жоспарланған, ал таяу бес жылда тағы 15 мейрамхана ашу көзделіп отыр. «Макдоналдстың» Қазақстандағы мейрамханаларына азық-түлік сыннан өткен өнім жеткізушілерден келетін болады. Сонымен бірге жергілікті өндірушілер базасын дамыту жұмыстары жалғасуда. Мейрамхананың Астанадағы ресми ашылу рәсімі 8 наурызда өтеді. «Макдоналдс» – қоғамдық тамақтану және жылдам қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшының бірі. Әлемнің 120 елінде компанияның 36 мың кәсіпорны келушілерге қызмет көрсетеді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: egemen.kz.