05 Наурыз, 2016

Жазушы Пэт Конрой қайтыс болды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-03-2016 pat conroyАСТАНА. Америкалық жазушы Пэт Конрой 70 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы жылдың ақпан айында жазушы ұйқы безінің ісік ауруына шалдыққанын мәлімдеген. Reuters агенттігінің хабарлауынша, жазушы Оңтүстік Каролинадағы өз үйінде қайтыс болды. Пэт Конрой 1945 жылы Джорджия штатының астанасы Атланта қаласында дүниеге келген. 1976 жылы жазылған «Ұлы Сантини» (The Great Santini), 1986 жылы шыққан «Толқындардың ханзадасы» (The Prince of Tides) кітаптарымен белгілі. Осыған дейін кітаптарының 20 миллионна аса данасы әлем бойынша сатылған. «Толқындардың әміршісі» романының желісі бойынша, 1991 жылы режиссер Барбара Стрейзанд фильм түсірді. Басты рөлдерді режиссердің өзі мен белгілі актер Ник Нолти сомдады. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.