05 Наурыз, 2016

Аргентинада ұрылар тұтас бір қаланы тонап кетті

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-03-2016-boriАСТАНА. 5 наурыз. Ұрылар Аргентинаның Санта-Фе провинциясына қарасты шағын қаланы түгін қалдырмастан тонап кетті. Бұл туралы 24.kz-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті полицейлердің хабарлауынша, 1800 тұрғыны бар Бернардо-де-Иригоен қаласын небәрі төрт адам тонаған. Баукеспе ұрылар жергілікті мэрия, банк, пошта, сот және полиция бөлімшесіне ұрлыққа түсіп, бағалы заттарды қолды еткен. Бастапқыда олар полиция бөлімшесіне баса-көктеп кіріп, бүкіл қару-жарағын сыпырып алып, өздерін бір бөлмеге қамап тастаған. Айта кетейік, ұрылар барлығы 16 мың доллар болатын дүние-мүлікті қолды еткен. Тәртіп сақшылары олардың ізіне түсіп, біреуін атып өлтірген. Алайда, ұрылардың үшеуі қолға түспей, қашып кеткен. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.