05 Наурыз, 2016

Ақсақалдарын тонаған ауылдастар

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
кражаҚостанай облысындағы Әулиекөл ауданының Чернигов ауылында қарақшылар қарт кісілердің үйіне басып кіріп, өздерін ұрып-соғып, тонап кеткен. Бастапқыда есік қағылған кезде үйдегі қарт ана ілгекті өзі барып ашқан. Себебі, сыртта тұрғандар ауылдағы біреулерді сұраған. Ал есік ашылған кезде келушілер қарияға тарпа бас салып, біраз соғып тастаған. Олар мұнымен де тоқтамай, төргі бөлмеге өтіп, қан­нен-қаперсіз ұйықтап жатқан ақсақалды таяқтың астына ал­ған. Бұл кезде ұйықтатын дәрі ішіп, алаңсыз дем алып жатқан оның оянуы оңайға соқпайды. Қарақшылардың да көздегені сол екен, олар дереу үйді тонай бастайды. Бірақ қария­лар еш құнды заттары да, көлемді сомалы қомақты ақшалары да жоқ екенін айтып бағады. Әйткенмен, тонаушылар бұған сенбей, қария­ларды тағы тепкілеп тастап, үйдегі қолға іліккен мүліктерді алып кетеді. Жәбірленушілер ес жиған соң дереу полицияға хабар берген. Сол бойда тәртіп сақшылары күдіктілердің соңына түседі. Олар санаулы күннің ішінде ұсталады. Себебі, қариялар қарақшылардың кімдер екенін пайымдап қалған екен. Мұрат АЙТҚОЖА