05 Наурыз, 2016

Майдангер марапаттары қызының қолына тапсырылды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-03-2016-МайдангерӨткен жылы Атырау поли­цей­лері 16 орден мен медальды, оған қоса, екі төсбелгіні қаладағы көлік гаражынан тауып алыпты. Арасында Қызыл Жұлдыз, Данқ ордендері мен «Ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» және басқа да медальдар болған. Алайда, былтыр құқық қорғау органдарында мұндай марапаттардың ұрланғаны туралы дерек тіркелмеген болып шықты. Соған қарамастан, полиция қызметкерлері марапаттардағы нөмірлерге байланысты кімге тиесілі екенін анықтады. Алдымен бұдан үш жылдай бұрын Жылыой аудандық ішкі істер бөліміне Құлсары қаласының 7-ауылын­да тұратын тұрғыннан шағым түскені белгілі болды. Онда шағым беруші майдангер әкесінің соғыс жылдарында алған марапаттары мен 200 мың теңгесі ұрланғаны айтылған. Шағымда көрсетілген және табылған марапаттардағы нөмірлер бір-бірімен сәйкестігі тексерілді. Сөйтіп, полицейлер өмірден өтіп кеткен майдангердің ұрланған марапаттарын қызына қайтарып берді. Себебі, майдангердің қызы марапаттардың әкесіне тиесілі екенін растайтын құжаттарды ұсыныпты. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». АТЫРАУ.