05 Наурыз, 2016

Ұтымды экономикалық саясат – дағдарысқа жауап

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Р.Шулембаева-ОСДП. 3Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Алматыдағы штабында партияның белсенділері сайлау­шы­лармен кездесті. Алдымен сөз алған партия жетекшісі Жар­махан Тұяқбай партияның сайлауалды бағдар­ламасына тоқталып, науқанды жұмыстың осы бағдарлама талаптары аясында қызу жүріп жатқанын айтып өтті. Еліміз үшін өндіріс әлеуетін ішкі да­му мақсаттарына қарай бұру, иннова­циялық экономикаға жол ашу керек деген партия жетекшісі бұл орайдағы ой-тұжырымын төмендегіше жеткізді. «Бүкіл ішкі экономикалық және адам ресурстарының мүмкіндігін пайдаланып, дамуға соны серпін беру керек. Қазақстан – бай мемлекет. Ең бастысы, сол байлықтың талан-таражға салынуына жол бермеуі тиіс. Жемқорлыққа тосқауыл қойылып, елде бар басқа да резервтерді дұрыс пайдалану қажет. Ол үшін Қазақстанда мүмкіншілік зор». Газет тілшісінің партия бағдар­ла­ма­сындағы табыстың белгілі бір бөлігін қазынаға құю туралы қағидатты шара­ларға орай қойылған сауалына партия жетекшісі былай деп жауап қайтарды. – Бұл – бизнесмендерге салынатын салық емес, асып-тасқан байларға са­лынатын салық теңгермелі түрде көбеюі керек деген сөз. Ондай тәжірибе дүниежүзінің барлық өркениетті мемлекеттерінде бар. Табыс неғұрлым көп болса, елге, халыққа соғұрлым пайдасын тигізеді. – Осы талаптарға қатысты бүгінге дейін үн қатқандар бар ма? – Меніңше, оған қарсы келетін ешкім жоқ деп ойлаймын. Бизнесмен Рахым Айыпұлы 2007 жылдан бері ЖСДП-ның мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат біздің сауалымызға ынтасымен жауап берді. – Бұл партияның қатарындағы азаматтар да өздерін еліміздің патриоты санайды. Олардың қатарында өзім де бармын... Өз басым сыртта жүрген қандастарымыздың елімізге бағытталған көшінің тоқтамағанын қалаймын. Сайлау додасына түсіп жатқан алты партияның ішінде сырттан келген қандастарымыздан қанша үміткер бар екені туралы мен айта алмаймын. Дегенмен, Ұлы көшті өз басынан өткізген азаматтардың Парламент мүшесі болғаны дұрыс деп санаймын. Сөз реті келіп тұрғанда өзімнің алыс­тан келген ағайынның бірі екенімді айта кетейін. Төраға мен оның әріптестері Айдар Әлібаев, Тазабек Сәмбетбай сайлаушылардың басқа да сауалдарына жауап қайтарды. Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.