09 Ақпан, 2016

Телефон арқылы сөйлесті

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20150113153313Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Президенттер екі ел эко­но­ми­касындағы ахуалды, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясын­дағы және екіжақты пішімдегі ынтымақтастық мәселелерін тал­қылады. Сонымен қатар, Ресей мен Ук­раина қарым-қатынасының қа­зіргі жағдайы мен Минск уағ­да­ластықтарын орындауды жалғас­тыру жайын қарастырды. Тараптар Ресей-Түркия қа­рым-қатынасының нашарлауы­на қатысты да пікір алмасты. В.Путин ахуалды Түркия жағы күр­делендіргенін қайталап айтып, соған орай жағдайды түзеуге Түр­кия қадам жасауға тиістігін алға тартты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Вла­димир Путин Қазақстан мен Ре­сей­дің екіжақты қарым-қатынасы қазіргідей күрделі жағдайда сенімге, дәстүрлі достық пен тату көршілестікке негізделетінін айтты. Сондай-ақ, екі мемлекеттің ли­дерлері 2016 жылы ШЫҰ, ЕАЭО, Өңіраралық ынтымақтастық форумы және басқа құрылымдар аясында өтетін кездесулер кестесін талқылады.