26 Қаңтар, 2016

Малайзияда лаңкестік ұйымға қатысы бар 7 күдікті ұсталды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
27-01-2016 malaysiaАСТАНА. 26 қаңтар. Малайзияның полиция қызметкерлері радикалды аймақтардағы лаңкестерге қатысы бар 7 адамды тұтқынға алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Ұсталғандардың жас мөлшері 26-50 жас аралығында. Олардың бәрі экстремистік ұйымдарға қатысы бар екені анықталды. Арнайы жасақ бүгін және өткен жұма күні Куала-Лумпур қаласы мен бірнеше провинцияларда тергеу жұмыстарын жүргізді. Қолға түскендер әртүрлі стратегиялық нысандарда жоспар бойынша, лаңкестік әрекеттерін жасауға ниеттенген», – дейді Малайзияның полиция басшысы Халид Абу Бакар. Ол сондай-ақ, қолға түскендердің бірі қауіпті аймақтарда соғысып жүрген содырлардан бұйрық алғанын, сонымен қатар сол уақытта тағы бір күдіктінің индонезиялық Бахрума Наима есімді азаматтан тапсырма алғанын әшкереледі. Индонезияның құқық қорғау органдары жақында Джакартада жасалған шабуылға дәл осы содырдың тікелей қатысы бар деп санайды. Айта кетейік, Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак лаңкестер ұйымына қатысы 129 содырдың қамауға алынғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, радикалды аймақтарда соғысып жүрген 55 малайлықтың бүгінде 17-сі қаза тапқан. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: zn.ua.