26 Қаңтар, 2016

Алматыда жарықпен безендірілетін ғимаратттар анықталды

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-01-2016 AlmatyАЛМАТЫ. 26 қаңтар. Алматыдағы  тарихи мәні  мен сәні бар 139 сәулет нысандары заманауи жарық көздерінің арқасында айрықша  келбетке ие болады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қала құрылысы кеңесінің бекітуіне ұсынылатын мегаполистің алаңдары мен нысандарына  заманауи жарық көздері арқылы  айрықша келбет беретін концепция Алматының сәулет нысандарын ерекше тартымды етіп, туристердің қызығушылығын арттыра түседі деп күтілуде. Қаланы түнде жарқыратып көрсететін жарық көздері Астана алаңына, Республика алаңындағы Тәуелсіздік Монументіне, Орталық мешітке, Кафедралды  шіркеуге орнатылады. Энергияжинақтау технологиясы бойынша жасалған заманауи жарық көздері Мәңгілік алауды, Офицерлер үйін, Абай атындағы опера және балет театрын, Наталья Сац атындағы  театрды, Қастеев мұражайын, Қазақстан Республикасының Ғылым  академиясын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетін,  Орталық  алаңды, Қазақстан-Британ техникалық университетін, Мұз сарайын, «Балалар әлемі» дүкенін, «Алматы» қонақ үйін, City Center орталығын, «Сайран» автобекетін, Әуезов ауданы  әкімдігі мен  басқа да нысандарды айшықтандыра түседі. Әлемде кеңінен қолданылатын  заманауи  жарық көздерін Алматыға енгізу шаралары бюджеттен тыс қаржы есебінен жүргізіледі. Айнаш Есали. Дерек, сурет: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.