19 Қаңтар, 2016

Ресейде «Футбол және мәңгілік» жобасы таныстырылды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-01-2016 soccerАСТАНА. 19 қаңтар. Ресей суретшілері Виктория және Владимир Кириленколар Сочиде «Футбол және мәңгілік» атты мүсін жасап шықты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Үлкен футбол добын ұстап тұрған маймылдың мүсіні осы жылдың символдық бейнесі болып табылады әрі Ресейде 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына арналған. Ол «Футбол және мәңгілік» атты халықаралық жобаның жалғасы ретінде жасалған. Суретшілердің пікірінше, мүсін әлем біріншілігінде Ресей құрамасына сәттілік алып келуге тиіс. Аталған халықаралық жобаның таныстырылымы Калининград, Екатеринбург, Братск, Дондағы Ростов, Архангельск, Төменгі Новгород, Мәскеу және Сочи қалаларында өтті. Әлемдік футбол додасы басталғанға дейін аралас техниканың көмегімен дайындалған отыздан астам көркем сурет туындыларын Ресей қалалары мен шетелдерден көруге болады. Айта кетейік, Ресейде 2018 жылы болатын әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында 12 стадионда өтеді. Аламан ойындары Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Саранск, Қазан, Төменгі Новгород, Калининград, Волгоград, Самар, Сочи және Дондағы Ростов қалаларында ойналады. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.