19 Қаңтар, 2016

Ресейде Мәскеудің маңындағы жерлер қоқысқа айналып жатыр (фото)

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19.01.2016 AST-8 АСТАНА. 19 қаңтар. Ресейде ауылшаруашылығы мақсатына арналған жерлер игерілмей жатыр. Бұл туралы ресейлік журналист Алена Попованың Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қазір Ресейде ауылшаруашылығы мақсатына арналған 56 млн. гектар жер игерілмей жатыр», деді ол. Осыған байланысты ол naganoff.livejournal.com сайтында жарияланған материалдарға сүйене отырып, Ресейде жерлердің ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп қалғанын жазады. Оған дәлел ретінде Мәскеу қаласының маңындағы Жуковский қалашығында игерілмей жатқан жерлердің қоқыс алаңына айналғанын келтіреді. Журналистің әлеуметтік желіде постына адамдар пікірлерін жазып, қолдау көрсеткен. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: naganoff.livejournal.com 19.01.2016 AST-9 19.01.2016 AST-10 19.01.2016 AST-11 19.01.2016 AST-12